Спирина Ольга

Алматы қаласында, 1991 жылы 1 қазанда дүниеге келдім. Халықаралық Бизнес Университетінде (2012ж.) ағылшын тілінде менеджмент бөлімін бітірдім. Қазіргі уақытта, мен Т.Жургенов атындағы Қаз ҰАУ-да телевизиялық және фильмдер режиссерына оқып жатырмын. Және де, сөйлеу мәдениеті мен әдістемесін (мұғалім Гүлнар Каратаевна), әртіс шеберлігін (мұғалім Лермонтов атындағы орыс драма театрының әртісі Лариса Осипова) және сахна тілін (Т.Жургенов атындағы Қаз ҰАУ-да сахна тілі кафердрасының меңгерушісі Дарига Туранкулқызы) оқыдым.

Мектеп жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық “Ұлан” газетінің жас тілшісі болдым. Содан бері, шығармашылық белсенділігім өмірімнің бір бөлігіне айналды.

Оралхан Бөкеев, Абай және Мұқағали Мақатаев оқуларына қатыстым.

Хабар арнасында бірден екі жобада жұмыс істедім, “Бірлігіміз жарасқан”(Халықтар достығы), “Іске сәт”(таңғы ойын-сауық бағдарламасы, қазіргі уақытта “Жаңа күн” форматында белгілі). Қазіргі уақытта Білім және Мәдениет теле арнасында “Қайырлы таң” бағдарламасын қазақ тілінде жүргізуші.

“Агент Z” (режиссеры М.Бидосов) телехикаясында, “Консультанты”(режиссерлар Канагат Мустафин және Ренат Косай) телехикаясында, 2015 жылы “Өмір сынағы” (режиссеры Р.Мустафин) телехикаясына түстім.

Жобалар: Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясы(2012ж.), “Астана ballet” хорегорафиялых тобының концерттік презентациясы (2013 ж.), IX Халықаралық “Евразия” кинофестивалінің күнделіктері (“Хабар” телеарнасы, 2013ж.), ҚР тәуелсіздігіне арналған үкіметтік концерт (Алматы қаласы, 2013ж.), Санкт-Петербург қаласында, Астана қаласы мәдениет күндері (Санкт-Петербург қаласы, Михайлов театры, мемлекеттік академялық Capella, 2014ж.), Ұлттық көшбасшының саяси белсенділігіне 25 жылдығына арналған мерекелік кешкі ас (Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы, 2014ж.), «нім сен едің» атты Шамши Қалдаяқов концерті (Астана қаласы, «Қазақстан» ОКЗ, 2014ж.), мемлекет басшысының қатысуымен, халықаралық әйелдер күніне арналған концерт (Астана қаласы, «Қазақстан» ОКЗ, 2015ж.), мемлекет басшысының қатысуымен «Наурыз – нұрлы жол концерті» (Астана қаласы, велотрек «Сарыарқа», 2015ж.), «Менің Қазақстаным» атты агитпоезбен, Қазақстан бойынша тур және т.б.

Қ.Р. Президенті Н.Назарбаев , №338, 9 желтоқсан 2014 жыл «2014ж. Мәдениет саласында, мемлекеттік стипендиялар беру туралы» бұрығына сәйкес мемлекет грантының иегері.